Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
250
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысының түнде шығысында, күндіз батысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, солтүстік-шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Түнде өңірдің оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстікте, батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде 36 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Семейде күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады. Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылордада күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, Петропавлда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.