Алматы облысында ерлі-зайыптыларға оқ атқан ер адам ұсталды
Алматы облысында ерлі-зайыптыларға оқ атқан ер адам ұсталды
380
оқылды
8 маусым күні Ескелді ауданында 34 жастағы азамат пен оның 31 жастағы әйелін мылтықпен атқан күдікті ұсталды. Полиция мәләметінше, күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен сөзге келіп қалғаны анықталды. Оның арты төбелеске ұласқан.
"Күдікті көлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ауыл көшесінің шаңын шығарған. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өзіне жасалған ескертуден кейін ол өзін агрессивті ұстап, төбелесті ушықтырып, ақырында атыс қаруын қолданды. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бабымен қоса, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қолға алынды", - деп хабарлады Ескелді аудандық полициясы.