Өскеменде алты күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

Өскеменде алты күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды
Өскеменде алты күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды inform.kz. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті. Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Зейнеткер тәртіп сақшыларынан немересін тауып беруді сұрады. Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны соның нәтижесінен кейін анықталады.