Қайрат Нұртастың келіндері желіні жарды
Қайрат Нұртастың келіндері желіні жарды
Эстрада жұлдызы, әнші Қайрат Нұртастың туған інілері Заңғар мен Аянның әйелдері әлеуметтік желіні жарды. Әншінің келіндері көпшілікті енді биімен тәнті етті. Жібек пен Әйгерім қобызшы Ақерке Тәжібаевамен заманауи би билеп, бейнежазба түсірді.
«Қайын әпке мен келіндер бас қосқанда. Інілерімнің келіншектері», – деп жазды Ақерке желідегі парақшасына.
Жұлдызды отбасының мүшелері желіде белсенді. Ондағы оқырмандары олардың тұрмысы мен отбасы, жеке өмірлері мен көзқарастары туралы білгісі келеді. Түрлі сауал жолдап, пікір жазады. Бұл жолы олар келіндер мен қайын әпкенің биіне куә болды.
«Күшті. Жібек жалаңаяқ жүрмеші», «Сіз әдеттегідей өте әдемісіз», «Сізге қараған өте жақсы. Көңіл-күйіңіз жақсы ма?», «Көңіл-күйіңіз жақсы болса, әрқашан билегіңіз келеді», «Қайын әпке ана екеуі, сен келін сияқты болып тұрсың ғой», «Бәрі жарасып тұр», – деп жазды олар.