Еттің зияны – семіздікке алып барады – академик
Еттің зияны – семіздікке алып барады – академик
781
оқылды
Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов ас ішкен соң көп қимылдау пайдалы екенін жеткізді. Ол халқымыздың ежелден-ақ етке құмар екенін айтып, алайда оның зиянын да мәлімдеді.
«Етсіз тамақты тамақ деп санамайтыны да рас. Бірақ, жемесе түсіне, жесе тісіне кіретін ет шіркіннің зияны басым екеніне көп адам назар аудармайды. Рас, ертеде ата-бабаларымыз жылқы баққан, атқа мінген, үнемі қимыл-қозғалыс үстінде жүрген. Соған орай еттің сінімділігі де жоғары болған. Ал, қазір ше? Тойып, талғамай ет жеп алған соң теледидардың, одан қалса компьютердің алдында сағаттап отырады. Қимыл-қозғалыс өте аз. Қимылдамағаннан кейін сонша ет қалай сіңеді? Оның соңы семіздікке соқтырады», - дейді академик.
Ол семіздіктің соңы жақсы емес екенін де меңзеген.