Таразда 43 жастағы келіншек азаматтық некеде бірге тұрып келген күйеуін пышақтап тастаған. Тараз қаласы №1 ауруханасының дәрігерлері ауыр жағдайда науқас түскенін полицияға хабарлаған. Белгілі болғандай 47 жастағы азамат көп қан жоғалтып, ауруханада есін жимастан жан тапсырды. Полицейлер қылмысқа қандай жағдай себеп болғанын анықтайды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды