Алматыда көлік бөлшектерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Алматыда көлік бөлшектерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді. Топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған. Күдіктілер тұрғын үй ауласындағы "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екені дәлелденді.