Газдандыру жобалары талқыланды

жоба Мұхтар Әділбек­ұлы

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті жиыны өтті. Мұнда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы талқыланды.

Партиялық бақылау комиссия­сының төрағасы Мұхтар Әділбек­ұлының жетекшілігімен өткен кезекті отырысы онлайн форматта ұйымдастырылды. Күн тәртібінде Күршім ауданы халқын орталық­тандырылған ауызсумен қамта­масыз ету және Зайсан ауданы бойынша елді мекендерді газдан­дыру жайы қаралды.

Көтерілген мәселелер бойын­ша Күршім ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мақсат Акрамовтың және Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тлемесовтің есептері тыңдалды.

Комиссия төрағасы Мұхтар Төлеген ақпараттарды қоры­тындай келе жауапты тұлғаларға тиісінше тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Күршім ауданының Боран ауылында ауызсу мәселесін қатаң бақылауға алуды, тұрғындар арасында сапалы түсінік жұмыс­тарын жүргізуді, белгіленген ме­жеде орталықтандырылған су жүйесін іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ Ақши ауылында жол, су, мектеп мәселесін шешуге нұс­қау берді. Ал Зайсан ауданы бойын­ша 8 елді мекенді ішкі газ жүйесіне қосу жайын талқылады. Одан бөлек, тұтынушыларды газбен уақтылы қамтамасыз ету керектігін қатаң ескертті. Аталған жобалардың іске асырылуы партиялық бақылауға алынатын болды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.