Петропавлда полицейлер Instagram арқылы туристік жолдама сатқан алаяқтарды іздеп жатыр
Петропавлда полицейлер Instagram арқылы туристік жолдама сатқан алаяқтарды іздеп жатыр
Фото: polisia.kz
158
оқылды
Петропавл тұрғындары Instagram арқылы туристік жолдама сатып алмақ болған, – деп жазады Polisia.kz. Тұрғындар Instagram парақшасында жарнаманы көргеннен кейін, туристік жолдамаға тапсырыс берген. Мобильді қосымша арқылы қаржы аударып, фирма менеджерімен WhatsApp мессенджері арқылы хат жазысқан. Ақша аударылғаннан кейін менеджер WhatsApp-тағы клиенттерді бұғаттап, телефон қоңырауына жауап бермей, байланысқа шықпай қойған. Алаяқтарға алданғанын түсінген тұрғындар бірден полицияға жүгінген. Келтірілген шығынның сомасы 90 мыңнан 360 мыңға дейін жеткен. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.