Алматыда BMW көлігі бағанаға соғылып, өртеніп кетті – видео
Алматыда BMW көлігі бағанаға соғылып, өртеніп кетті – видео
Фото: Видеодан скриншот
274
оқылды
Алматыда жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылында BMW маркалы көлік бағанаға соғылды. Апаттың видеосы Instagram-дағы krisp_almaty парақшасында жарияланды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Полиция департаментінің мәліметінше, 10 маусымда сағат 03.05 шамасында әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай келе жатқан BMW жүргізушісі темір бағанаға соғылған. Жол апатынан көлік өртеніп кетті. Жарақат алған BMW көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның анық-қанығын Бостандық аудандық полициясы анықтап жатыр.