Ақтөбеде 12 жастағы баланың мәйіті табылды
Ақтөбеде 12 жастағы баланың мәйіті табылды
Фото: arasha.kz
1,687
оқылды
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 12 жастағы баланың денесі табылды. Болжам бойынша, оны ит талап тастаған болуы мүмкін. Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын үй алабының №3 шағынауданы аумағында орналасқан құрылыс нысаны аумағында 12 жастағы баланың өлі денесі табылды. «Көп қан жоғалтқан баланың денесінде жарақаты көп. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Болжам бойынша, баланың өліміне иттің талағаны себеп болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген полицияның ресми хабарламасында. Гистологиялық сараптама жасау 10-15 күнге созылады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыстық ПД бастығы істі бақылауына алды.