TALQYLAU партиялық алаңында сарапшылар референдумның қорытындысын талқылады
TALQYLAU партиялық алаңында сарапшылар референдумның қорытындысын талқылады
Фото: Әли Ғалым
392
оқылды
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында TALQYLAU  диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сарапшылық талқылаудың тақырыбы референдумның қорытындысы мен Жаңа Қазақстанның Конституциясы болды. Жиынға қатысқан  Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов референдум қорытындысы қоғамдық топтасудың жаңа деңгейін көрсеткенін атап өтті.   [caption id="attachment_200794" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Әли Ғалым[/caption] «Бұл еліміздің одан әрі даму болашағы туралы билік пен қоғамның ортақ түсінігі бар екенін білдіреді. Азаматтар еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Енді Үкіметтің алдында жаңа міндеттер тұр – бұл азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді шешу және барлық саланы стратегиялық басқару. Яғни, сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың табыс деңгейін, әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, көлік-логистикалық жүйені жетілдіру және т.б.», – деді вице-премьер. Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өткен референдум елде демократия институты нығайып келе жатқанын  атап өтті. [caption id="attachment_200795" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Әли Ғалым[/caption] «Бұл маңызды саяси оқиға мемлекеттілікті демократиялық құндылықтарға негіздеп құруға деген бағдарымызды бекітті деп сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы. Елімізді жан-жақты жаңғырту жұмысы жалғасады. Біздің партиямыз осы жаңа жағдайға дайын. Елдің жетекші саяси күші позициясын сақтап қалу үшін «AMANAT»-тың әлеуеті жеткілікті. Тәжірибелі саяси ойыншы және парламенттік көпшілік дауысқа ие партия ретінде нақты бәсекелестікке дайынбыз», –  деді Асхат Оралов. «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің пікірінше, референдум демократиялық республикаға азаматтық, ашық қоғамға, әділетті елге жасалған нақты қадам болды.  width= «Жалпы, көпшіліктің сайлаудың таза өтуі, жер дауы, сот әділетсіздігі сияқты басқа да мәселелерге қатысты көптеген талабы болды. Президент ұсынған реформалар бағыты осы қоғамда қордаланып қалған көкейкесті мәселелердің түйінін тарқатты, ал референдум осы өзгерістердің басталғанын айқындайды», – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі. Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Юлия Кучинская референдум азаматтардың едәуір бөлігін саяси процестерге бойлап, елде болып жатқан өзгерістерді саралауына мүмкіндік берді деп санайды.  width= «Егер азаматтар қандай өзгерістер болып жатқанын, түзетулерді қабылдағаннан кейін олардың қандай мүмкіндіктері болатынын түсінбесе, өзгерістер тек қағаз бетінде қалып қоюы мүмкін», –  деп қосты Юлия Кучинская. Қазақстан  Парламенті жанындағы Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетовтің айтуынша, реформалар бірінші кезекте мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыруға бағытталған.  width= «Яғни, мемлекеттік биліктің стандартын жасауымыз керек. Стандарт болған жерде ғана тәртіп, ашықтық, жауапкершілік болады. Стандарт дегеніміз  –  ол жалпы ереже. Біз мемлекеттік биліктің пәрменділігін арттырамыз десек, осы стандарттың төңірегінде жұмыла бірігіп жұмыс істеуіміз қажет», –  деді М.Махамбетов. Диалог алаңының бүгінгі отырысына әдеттегідей Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек модераторлық етті.    width= Еске сала кетейік, TALQYLAU диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын.  width= Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөніде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.