«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында TALQYLAU диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сарапшылық талқылаудың тақырыбы референдумның қорытындысы мен Жаңа Қазақстанның Конституциясы болды.
Жиынға қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов референдум қорытындысы қоғамдық топтасудың жаңа деңгейін көрсеткенін атап өтті.
[caption id="attachment_200794" align="alignnone" > Фото: Әли Ғалым[/caption]
«Бұл еліміздің одан әрі даму болашағы туралы билік пен қоғамның ортақ түсінігі бар екенін білдіреді. Азаматтар еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Енді Үкіметтің алдында жаңа міндеттер тұр – бұл азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді шешу және барлық саланы стратегиялық басқару. Яғни, сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың табыс деңгейін, әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, көлік-логистикалық жүйені жетілдіру және т.б.», – деді вице-премьер.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өткен референдум елде демократия институты нығайып келе жатқанын атап өтті.
[caption id="attachment_200795" align="alignnone" > Фото: Әли Ғалым[/caption]
«Бұл маңызды саяси оқиға мемлекеттілікті демократиялық құндылықтарға негіздеп құруға деген бағдарымызды бекітті деп сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы. Елімізді жан-жақты жаңғырту жұмысы жалғасады. Біздің партиямыз осы жаңа жағдайға дайын. Елдің жетекші саяси күші позициясын сақтап қалу үшін «AMANAT»-тың әлеуеті жеткілікті. Тәжірибелі саяси ойыншы және парламенттік көпшілік дауысқа ие партия ретінде нақты бәсекелестікке дайынбыз», – деді Асхат Оралов.
«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің пікірінше, референдум демократиялық республикаға азаматтық, ашық қоғамға, әділетті елге жасалған нақты қадам болды.