Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты.
«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген ақпаратта.Сонымен қатар ведомство дәл сол күні күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын хабарлады. 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г.Сатыбалдыға қатысты белгіленген қамау мерзімін 1 айға ұзартқан болатын.