Алматыда Құлжа тасжолының бойында екі көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 10 маусымда болған. Белгілі болғандай, батыс бағытта келе жатқан BMW 525 жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.
«Апат салдарынан екі жүргізуші мен Mercedes Benz көлігінің жолаушысы – 1978 жылы туған әйел сол жерде көз жұмды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен тіркелді. Сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау департаментінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.Олжас Шәріпов сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалғанын айтты.