Доллар бағамы 1,04 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 1,04 теңгеге қымбаттады
© pixabay
313
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 04 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 435, 76 теңге. Ұлттық банктің 10 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 51 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір  Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 434, 50 теңге, сатып алу – 437,40 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 432,94 теңге, сатып алу құны – 435,24 теңге.