Қазақстандықтар басқа адамның есебінен зейнетке мерзімінен бұрын шыға алады
Қазақстандықтар басқа адамның есебінен зейнетке мерзімінен бұрын шыға алады
© ratel.kz
3,245
оқылды
Парламент Сенатының отырысында сақтандыру нарығын дамыту бойынша заң жобасы таныстырылды. Осы заң жобасының аясында зейнетақы жинағы жеткілікті салымшыға, сондай-ақ оның туысына да зейнетке мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берілмек, –  деп хабарлады nur.kz 9 маусымда өткен Сенат отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 5 кодекс пен 35 заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасын таныстырды. Өзгерістер сақтандыру нарығы, банк саласы және бағалы қағаздар нарығына қатысты болып отыр. Өзгерістердің мақсаты – жаңа өнімдер мен цифрландыруды енгізу арқылы осы салаларды дамыту. Сақтандыру нарығында бүгінде сақтандыру сыйақысының тұрақты өсімі және жоғары қаржылық тұрақтылық байқалады. Сақтандыру қызметтеріне жүгінетін қазақстандықтар көбейіп келеді. Бұл нарықтың соңғы үш жылда активтері 74% ұлғайып, 2022 жылғы мамырда 1,9 трлн теңгені құрады. Бұған дейін белгілі  Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынғанын жазған болатынбыз.