"Үшінші бала суға батып кетті": Атыраулық жігіт өзенге батып бара жатқан 2 баланы құтқарды
"Үшінші бала суға батып кетті": Атыраулық жігіт өзенге батып бара жатқан 2 баланы құтқарды
1,254
оқылды
Жуырда Жылыой ауданы Тұрғызба ауылында қайғылы оқиға болды. Екі бала құтқарылғанымен, біреуі суға батып кетті. Екі баланы құтқарып қалған ауылдастары Есет Утаралиев, –  деп хабарлады Ақ Жайық сайты Оқиға маусымның 4-і күні болған. №4 мектептің он шақты оқушысы сағат 17.00 шамасында ата-аналарының рұқсатынсыз Жем өзеніне шомылмақ болып барады. Бастапқыда балалар үшін қызық болғанымен, өзеннің тереңдігіне барып қалған үш бала әл-дәрмені құрып, суға бата бастайды. Қалғандары көмекке шақырады, оларды көрген сол маңда жүрген Есет көп ойланбастан суға секіреді. Екі баланы өзен жағасына шығарып үлгереді, ал үшіншісін, 12 жастағы баланы 40 минуттан кейін судан шығарады. Өкінішке қарай, бала суға тұншығып қалған еді. Құтқарушы жігітті Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов, Жем ауылдық округінің әкімі Д.Айтпенбет, аудандық мәслихат хатшысы С.Таласов алғысхаттарымен және бағалы сыйлықтармен  марапаттады.
–  Менің орнымда қай адам болса да балаларға көмек көрсетер еді. Ең өкініштісі,   үшінші баланы құтқара алмағаным, – дейді 28 жастағы Есет.
Жалпы, Есет туралы ауылдастары жақсы пікірде, ол әдебиетке жақын болып өскен, «Тарлан» театрының белді мүшесі. Қарапайым, елгезек, батыр жігіт.