Тағы бір рэпер концертте мас күйінде өнер көрсетіп, көпшілік алдында кешірім сұрады
Тағы бір рэпер концертте мас күйінде өнер көрсетіп, көпшілік алдында кешірім сұрады
689
оқылды
Ақтөбеде концерт берген Нурик Смит есімді әншінің әрекеті елдің наразылығын тудырды. Концертте ол өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның мас күйде болғанын байқауға болады.
Рэпердің гастрольдік сапары батыс өңірлерде болған. Бұл ролик Ақтөбедегі шулы концерттен кейін түсірілген екен. https://www.tiktok.com/@chern11ga/video/7102650652672756993?referer_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2F&referer_video_id=7102650652672756993&refer=embed
"Менің есімім Нұрғиса. Мен қазір Ақтөбе тұрғындарынан және барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды, сіздерге сөз беремін. Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателесіп өсеміз. Көп-көп рақмет", – деді Нурик Смит.