Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?
Шілде айында қазақстандықтар екі мереке мен Құрбан айтты тойлайды. Биыл Елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған. Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, демалыс қарастырылмаған. Шілдедегі демалас күндері: бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар; алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.