Әлемдік рейтингте жоғарылады
Әлемдік рейтингте жоғарылады
342
оқылды
Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) пен Евгений Павловтың (7-0, 5 КО) АҚШ-тағы соңғы жеңістерінен кейін рингтегі позициясын жоғарылатты. Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегінің екінші раундында АҚШ боксшысы Хейнелл Уилерді (7-2, 6 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec-тің супер орта салмақтағы рейтингінде бес позицияға бірақ көтеріліп, 73-орыннан 68-ге тұрақ­таған. Екінші раундта мексикалық Алексис Салидоны (2-3, 1 КО) нокаутқа түсірген Павлов екінші жеңіл салмақтағы рейтингте 62-орыннан 55-ке шықты. Айта кетейік, бұл екі боксшы WBA International нұсқасы бойын­ша өз салмақтарында чемпион атағына ие.

Кербез ЕСІМХАН