Жетісу облысының әкімі тағайындалды

Жетісу облысының әкімі тағайындалды

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат мәтіні мынадай:

«Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым, № 921», - деп жазылған Ақорданың сайтында.
Айта кетейік, Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі: 1985 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: 1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы. 1987-1991 жж. -  «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1991-1994 жж. - «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы. 1994-1995 жж. -  Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы. 1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы. 1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры. 2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2002-2003 жж. -  «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші. 2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2006-2008 гг. -  Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған. 2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы. 2009-2015 жж. - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2019 жылдың 19 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі басшысы.