Алматыда 20 жастағы тұрғыннан алты бума есірткі тәркіленді

Алматыда 20 жастағы тұрғыннан алты бума есірткі тәркіленді 1

Алматының 20 жастағы тұрғынынан алты бума есірткі тәркіленді.

Әуезов ауданында 2002 жылы туған Н. есімді күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлері жас жігітті жеке тінту кезінде одан алты бума есірткі заты тәркіленді. Күдікті оны тауып алғанын және оларды өзіне қалдыруға шешім қабылдағанын айтты.

«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі  аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.