Алматыдағы балабақшалардың бірінде қаражат жымқырған бухгалтер ұсталды
Алматыдағы балабақшалардың бірінде қаражат жымқырған бухгалтер ұсталды
661
оқылды
Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінің бұрынғы бас бухгалтері ақша жымқырды деп айыпталды. Полиция мәліметінше, жекеменшік балабақшаның бас есепшісінің аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлкті жымқыру түріндегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды.
"Іс сотқа берілді, сотталған адамға әділ жаза тағайындалып, келтірілген залалды өндіріп алу арқылы айыптау үкімі шығарылды. Тергеушілердің лауазымдық міндеттері мінсіз орындалды. Әділ және заңды тергеу бұл істі тоқтатуға мүмкіндік берді. Бухгалтерлік білімді меңгеру қиын болғанына қарамастан, тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықты түсіне алды. Жұмыс толық көлемде жүргізілді", - деді балабақша директоры.