Қазақстандық шабуылшы сұрмергендер тізімінде Роналдуды басып озды

Қазақстандық шабуылшы сұрмергендер тізімінде Роналдуды басып озды 1

Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ұлттар лигасының сұрмергендері арасында көш бастады.

Турнирдің үшінші турында жерлесіміз Беларусь (1:1) қақпасына гол салды.

Айымбетов үздік сұрмергендер арасында грузин Хвича Кварцхелия, грек Тасос Бакасетас және түрік Сердар Дурсуннан кейін жеке көрсеткіштері бойынша төртінші орында тұр.

Еске салайық, Ұлттар лигасының жаңа маусымында Қазақстан құрамасы Әзірбайжан (2:0) мен Словакияны (1:0) ұтып, Беларусьпен (1:1) тең түскен болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.