Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы медальға қол жеткізді
Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы медальға қол жеткізді
1,824
оқылды
Қазақстан құрамасы Леон қаласында (Мексика) өтіп жатқан ауыр атлетикадан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Sports.kz сайты. Жарыстың бірінші күні Қазақстанға медальді 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александра Беленко әперді. Ол жұлқа көтеруде 125 келі және серпе көтеруде 70 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Үндістандық Аканша Вявхаре 127 келі (59+68) көтеріп, күміс жүлдегер атанса, колумбиялық ауыр атлет Лорен Эстрада Велес 128 келі (55+73) нәтижемен алтын медальға қол жеткізді.