Назарбаев 7,70 пайыз, Күрішбеков 47,71 пайыз дауыс жинады: Талғар тұрғындары қала әкімін сайлады
Назарбаев 7,70 пайыз, Күрішбеков 47,71 пайыз дауыс жинады: Талғар тұрғындары қала әкімін сайлады
Бақыт Күрішбеков. Фото: instagram
1,016
оқылды
Талғар қаласының әкімі болып 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков сайланды. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың 23,77 пайызы сайлауда дауыс берген. Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер бақталасты. Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63 пайыз дауысқа ие болды, Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84 пайызы қолдаған. Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70 пайыз дауыс жинады. 218 сайлаушы бәріне қарсы дауыс берген. Ал бүлінген және дұрыс қолданылмаған бланк саны – 93. Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында дүниеге келген. 32 жаста. Мамандығы – экономист. Сайлауға дейін «AMANAT»  партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет атқарған.