Америкалық Rocket зымыраны апатқа ұшырады
Америкалық Rocket зымыраны апатқа ұшырады
Astra Rocket зымырантасымалдағышының Канаверал мүйісінде орналасқан ғарыш айлағындағы (Флорида, АҚШ) сынамасы сәтсіз аяқталды. Аталған зымыранды SLC-46 ұшыру алаңында кеше, 12 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.43-те ұшырып, тікелей эфирден көрсетті. Бірақ ұшыру басталғаннан кейін 7 минут 22 секундта екінші сатыдағы қозғалтқыш жоспарланған мерзімнен 70 секунд бұрын ажырап қалған. Соның салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады. Зымыранның пайдалы жүктемесі бар екінші сатысы жоғалып кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=HztFm2XGO7s