Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Елбасы сайтының баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.