Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
8,479
оқылды
Назгүл Сағындықова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.
Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы ЕХӘҚМ әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады. 2001-2005 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2005-2018 жылдары – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды. 2018-2020 жылдары  – Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы – әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі; 2020 жылғы қарашадан бастап Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі – Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.