Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: imperiya.by |
655
оқылды
Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанның Ливан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", –  делінген хабарламада.

Расул Берекетұлы Жұмалы 1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. 1992-2007 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Ливия, бірқатар басқа мемлекеттерде жұмыс атқарған. 2007 жылдан бері "Эксклюзив" журналының бас редакторы. Саясаттанушы. 150-ге тарта мақалалары мен сараптамалық еңбектері жарық көрді. "Геополитика Центральной Азии. О былом и насущном" атты кітаптың авторы.