Құжат «Казахстанская правда» басылымында жарияланды. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы Жарлықтың 1-тармағының талаптары: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операцияларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына; 2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан əкелінген жəне қайта өңдеу шарттары туралы құжат жəне мемлекеттік бақылау актісі негізінде «кері экспорт» кедендік рəсімімен мəлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған аффинирленген алтынды əкетуге; 3) Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды сол Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің аумағына аффинирленген алтынды кейіннен əкете отырып (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) əкетуге; 4) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарты негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес жəне (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын əкетуіне; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға қолданылмайды деп белгіленсін». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.