Павлодардағы әскери бөлімде тағы бір сарбаз қайтыс болды
Павлодардағы әскери бөлімде тағы бір сарбаз қайтыс болды
©https://www.caravan.kz/
2,377
оқылды
Кеше Павлодардағы №6679 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған Айбек Тұрсымбаев есімді сарбаз мерт болды, – деп хабарлады Ulysmedia.kz редакциясына марқұмның туысы.
“Қайырлы күн! Кеше Павлодардағы №6679 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарып жүрген 32 жастағы сарбаз қайтыс болды. Бір қызығы, ол демалыста жүрген. Демалып жатқан жерінен КамАЗ жөндеуге шақырып алған. КамАЗ-дың дөңгелегін үрлеп жатқанда дөңгелек жарылып, сарбаздың басын жұлып әкеткен”, – деп хабарлады аты-жөнін атамауды сұраған сарбаздың туысы.
Қайтыс болған жігіттің соңында әйелі мен қызы қалды. Әйелінің екінші балаға аяғы ауыр (8 ай).
“Осындай заңсыз әрі қайғылы жағдай жабулы күйінде қалмаса екен”, –  деп өтінді хабарласқан кісі.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде асылып қалды деген 19 жастағы сарбаздың досы оның жіберген соңғы хабарламасын жариялады. Туыстары оның бір күн бұрын 5 мың теңге сұрағанын айтқан.