Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды
Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды
© inbusiness.kz
346
оқылды
Петропавл қаласында жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.  Жол-көлік оқиғасы 12 маусымда сағат 14.30 шамасында болған.
«Петропавл айналма жолында, яғни Р-49 республикалық автожолының 12-шақырымында Жұмысшы кентіне кіреберісте Toyota Alphard және Nissan Patrol көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Alphard автокөлігінің 71 жастағы жолаушысы қаза тапты, тағы үш жолаушы қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді»,  – делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тиісті анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.