Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасында жұмысшы қайтыс болды
Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасында жұмысшы қайтыс болды
© vernycapital.com
932
оқылды
Ақмола облысында алтын өндіретін фабриканың жұмысшысы қаза тапты, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға өткен түнде Зеренді ауданының аумағындағы өндіріс ошақтарының бірінде болған. Белгілі болғандай, 1974 жылы туған ер адамның үстіне салмағы 1 тоннаға жуық қап құлаған. Ауыр жарақат алған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Бұл осы алтын өндіру фабрикасында болған алғашқы оқыс оқиға емес. Фабрикада бұған дейін де бірнеше адам өндірістік жарақат алып, мерт болған еді.
«Анықталған ақпарат бойынша, Көкшетау қаласының тұрғыны  Өмірбек  Алтаев цехтарда  үлкен қаптың астында басылып қалған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша ішкі істер органдарында тіркелді. Сол жерде  алған жарақатынан  көз жұмған. Қазір жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Әсет Құрманғожин.
https://www.youtube.com/watch?v=ij3IN5HmKJY