Кентауда пәтер өртеніп, 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті
Кентауда пәтер өртеніп, 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті
© azattyq-ruhy.kz
Кентауда пәтер өртеніп, 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті, –деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға бүгін Кентау қаласында болды. Күндізгі сағат 12.47 шамасында Төле би көшесіндегі №61 үйдің 5-қабатында орналасқан 2 бөлмелі пәтерде өрт шыққан. Пәтер ішінде қалған екі жасөспірімнің бірі қорыққанынан 5-қабаттан секіріп кетіпті. Өкінішке қарай, ол ауруханада көз жұмды. Ал үй ішінде қалған 10 жасар қыз ыстан уланып қалған. Қазір анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр. «Әкесі вахталық қызметте болған. Ал анасы жұмысқа кеткенде есікті құлыптап кетіпті. Содан екі жасөспірім есіктен шыға алмай қалған. Жалпы, өртке қарсы 9 қызметкер жұмылдырылды»,  – дейді Кентау қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Төлегенов. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жүйесінің тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін. Алғашқыда ас бөлме өртенген. Кейін будақтаған жалын өзге бөлмелерге жайылып кеткен.