Елордада қатты желден кран құлады
Елордада қатты желден кран құлады
4,413
оқылды
Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады,  – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі.
«Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша,  кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына  ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», – делінген комитет таратқан хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.  Құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.