"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады. Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында күші 15-20 м/с құрайды. Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 14 маусымда тәулік бойы найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с артады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 14 маусымда таулы аудандарда, 15 маусымда облыстың солтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз 15 маусымда желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.