«Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері 12 маусымда Шымкент-Кутаиси халықаралық әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізіп, 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматын анықтады. Бұл дерек туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлімдеді. Азаматтың әрекетінде ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар.
«Осы факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды», - деп жазды ведомстводан.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.