Қазақстаннан биыл қажылыққа 4 мың адам баратын болды

Қазақстаннан биыл қажылыққа 4 мың адам баратын болды 1

Биыл Қазақстаннан 4 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сайтының хабарлауынша, бұл туралы Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің алғашқы отырысында мәлім болған.  Биылға бөлінген 4 мың қажылық орын конкурс негізінде іріктелген 14 туроператор арасында бөлінді.

«Қажылыққа баруға ниет еткен қазақстандықтар осы туроператорларға жүгіне алады. Қазір олар тіркеу жұмыстарын бастап кетті. Отырыс барысында қажылық кезінде атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Сондай-ақ қажылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де миссияның бақылауында болатыны айтылды. ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғар миссия өкілдерінің міндетін шегелеп, бес парыздың бірі саналатын қажылыққа мұқият дайындық жасауды тапсырды», - делінген ақпарат көзінің жазбасында.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.