Қызылордада 13-14 жастағы 5 жеткіншек 2-сынып оқушысын бір жыл бойы зорлап келген
Қызылордада 13-14 жастағы 5 жеткіншек 2-сынып оқушысын бір жыл бойы зорлап келген
1,319
оқылды
Қызылордалық әйелдің айтуынша, 13-14 жастағы 5 бала 8 жастағы ұлын қараусыз қалған ғимаратқа апарып, ойына келгендерін істеген. Оқушының анасы Жәмила (есімі өзгертілді) «Экспресс К» тілшісіне әбден зорлық көрген ұлынан естіген сұмдық жағдай туралы айтып берді. Ол бұл жағдайды 6-маусым күні біліпті. Үйде 8 жастағы тұңғышы ортаншы ұлына мүшесін ауызына тығуды ұсынған екен. Мұны естіген анасы екі баласына әбден ұрсып, мұндай лас нәрсені қайдан үйренгендерін сұраған. Сонда ортаншы ұлы көрші балалардың 2-сынып оқитын ағасына бірнеше рет осындай әрекет жасағанын айтқан.
«Үлкен ұлым мұны басында айтпады. Одан кейінгі ұлым «Ағама осылай істеп жүр» деп жағдайдың бәрін көрсетті. Сөйтсем көрші бала екен істеп жүрген. Оның үйіне барып, анасына айттым. Ол былтырдан бері 3-4 рет зорлағанын мойындады», - дейді Жәмила.
Жәмила мұны ести сала учаскелік полицейлерді шақырған. Одан кейін тергеушілер келіп, арыз жаздырып алған. Содан соң Жәмила зорланды деген ұлынан болған нәрсенің бәрін бүге-шүгесіне дейін айтуды сұраған.
«Зорлық көрген ұлымнан жағдайдың қалай болғанын естігенімде жағамды ұстадым. Ұлымды сабақтан кейін тастанды ғимаратқа ойнауға шақырып жүрген. Оған доп тебеміз, телефоныммен ойнатамын деп алдаған. Сосын көрші тұратын 5 бала ұлымның артына, ауызына мүшелерін тығып зорлап келген. Оны айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан», - дейді жәбір көрген баланың анасы.
Жәмиланың айтуынша, бала қорыққанынан бір жылдан бері бұл сұмдықты ата-анасына айта алмапты. Ал полицейлер бірінші жазған арызынан кейін, неге екені белгісіз, істі қысқартып тастаған. Тек екінші рет арызданған соң ғана тергеу жүргізіп бастаған.
«Ең сорақысы, баламды зорлаған оқушылар оқитын мектептің мұғалімдері маған бұл оқиғаны шу шығармай, жауып тастауды ұсынды», - дейді Жәмила.
Ал білім бөліміндегілер бұл жағдайды кейін білдік деп отыр. Қазір олар тергеу аяқталмайынша, ешнәрсе айта алмаймыз дейді. Олардың сөзінше, анасына мектеп тарапынан бұл оқиғаны жасырып қалу туралы ешкім ұсыныс айтпаған. Полиция департаментіндегілердің мәліметінше қазір қылмыстық іс қозғалған. Бірақ баланы зорлау дерегі емес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамау бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында», - деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.