Ақмола облысында 10 мемлекеттік қызметшінің және оларға теңестірілген тұлғалардың жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталды. Жауапты қызметте жүріп, кәсібін дөңгеленткісі келгендердің заңға қайшы әрекеті Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген мониторинг кезінде белгілі болған. Ең қызығы, тыйым салынған қадамға барғандардың тең жартысы – басшылар. Мәселен, облыстың жергілікті атқарушы органдар қызметкерінің бірі мемлекеттік қызметші бола тұра салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Заңға сай лауазымды тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ мониторинг кезінде облыстың жергілікті атқарушы органдарының төрт басшысы заңнаманы бұза отырып, тұлғалардан тиісті декларацияны қабылдамай, оларды лауазымға тағайындаған.