Жемқорлыққа қарсы саясат тетіктері талқыланды
Жемқорлыққа қарсы саясат тетіктері талқыланды
374
оқылды
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен бейнеконференция өткізді. «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» әлеуметтік жобасы шеңберінде ұйымдастырылған бұл бейнеконференцияға аталмыш қоғамдық бірлестік төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті басшысы Болат Жылқыбаев қатысып, сөз сөйледі. Жиында жастар арасында құқықтық сауаттылықты, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру барысы туралы хабардар ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерін және Adaldyq alany жобалық кеңселерін тарта отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру мақсатында жастар санасында еркіндік, отбасы құндылықтары, жеке кеңістік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру тетіктері талданды.

Б.МАРАТҚЫЗЫ