Геологиялық барлауды бірлесіп жандандырады
Геологиялық барлауды бірлесіп жандандырады
Мемлекет басшысы Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады. Кездесуде химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен бірқатар инвестициялық жобаны Қазақ­станда жүзеге асыру перспекти­валары талқыланды. Роберт Юксель Йылдырым Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жам­был облысы Сарысу ауданында­ғы кальций қосылған сода шы­ғаратын зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Жобаның құны – 400 миллион доллар. Сонымен қатар түрік кәсіп­кері Мемлекет басшысына Ақ­төбе облысындағы «Восход» кен орнында хром концентратын өндіруге және өнім шығаруға қа­тысты инвестициялық жоба­ның жүзеге асырылуы, еліміздің бірқатар өңірінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі «Қазгеология» акционерлік қо­ғамымен бірлескен жұмыстары туралы айтты. Кездесу соңында Қ.Тоқаев Түркиямен өзара тиімді ынты­мақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтіп, компанияның елі­­міздегі инвестициялық жұ­мыс­­­тарын қолдайтынын жеткізді.