Қоғамдық қабылдауда қалауы орындалды
Қоғамдық қабылдауда қалауы орындалды
220
оқылды
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының қо­ғам­дық қабылдау бөлмесі көп мәселенің шешілуіне мұ­рындық болып келеді. Мәселен, Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Халық соқпағы» аталып кеткен шағын көпірді ағын су шайып, 1,5 мың­нан аса тұрғын үшін қала орталы­ғына тура қатынау қиынға соққан. Осы ретте халық қалаулысы Олжас Нұрма­ғамбетов тұрғындарға көмекке келді. Аталған шағынауданда туып-өскен аудандық мәслихат депутаты өз қаражаты есебінен және мердігердің көмегімен аталған көпірді қалпына келтіріп, қайта салып шықты. Сөйтіп, халықтың алғысына бөленді. Бұланды ауданының Никольское ауылын сумен жабдықтау мәселесі де халық қалаулыларының қолдауымен оңтайлы ше­шімін тапты. 2 мыңнан аса тұрғыны бар ауыл 90 пайызы тозығы шыққан су құбырының салдарынан жиі ауызсусыз қалып отыр еді. Мәселе депутаттық фракция отырысында қаралып, халық қалаулыларының қолдауын тапты. Нәтижесінде, «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Одан бөлек, мәслихат депутаттарының қолдауымен Жарқайың ауданындағы Пригородное ауы­лының клубына жылыту жүйесін тарту, яғни қазандық орнату мәселесі шешілді. Жастардың бос уа­қытын тиімді ұйымдастыруда атал­ған клубтың орны ерекше. Халық қалаулысы Александр Демьяновтың мәселені төтесінен қоюы өз нәтижесін берді. Облыс­тық бюджеттен 20 млн теңге бө­лініп, бүгінде қазандықты орнату бойынша монтаж жұмысы жүріп жатыр.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы