Астанада қатты желден кран құлады
Астанада қатты желден кран құлады
©tengrinews.kz
Нұр-Сұлтанда қатты желден кран құлады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. "2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданы Төле би көшесінде салынып жатқан "Sen" тұрғын үй кешені құрылыс нысанында кран құлады. КБ-405 мұнара краны "НЕОТЕХ" ЖШС-не тиесілі. Осыған байланысты бүгін нысанда құрылыс жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған" делінген хабарламада. Ведомоствоның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.