Киев тұрғындары үйіне оралып жатыр
Киев тұрғындары үйіне оралып жатыр
©24.kz
505
оқылды
БҰҰ-ның мәлімдеуінше, шетелге қашқан босқындар саны 7 млн адамнан асқан. Дегенмен ел астанасы – Киевке тұрғындар қайтып келе бастаған. Қала мэрі Виталий Кличко қауіпке қарамастан күніне 50 мың тұрғын үйіне оралып жатқанын айтты. Қазір қаладағы орталық вокзалдың қауіпсіздігі күшейтілді. Жолаушылар бекетіне кешенді тексеру жүйесі орнатылды. Пойыздан түскен әр жолаушының құжаты да жіті тексеріледі. Қала әкімшілігінің қауіпсіздік басқармасы мәлім еткендей, күніне 200 ерікті территориялық аймақты күзетуге өтініш білдіреді. Әскери комиссариаттағы аумақтық қорғаныс батальонының өкілдері олардың моральдық, медициналық және іскерлік қабілеттерін анықтайды. Егер ерікті барлық талапқа сай келсе, екіжақты келісімге қол қойылады және олар қару-жарақпен қамтамасыз етіледі.