Ақмола облысында 2 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап мерт болды
Ақмола облысында 2 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап мерт болды
© qazaly.kz
Ақмола облысында екі жасар бала ауладағы дәретхана шұңқырына құлап көз жұмды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Қайғылы оқиға 13 маусымда сағат 23.30 шамасында болған.
«Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті. Қайғылы оқиға туралы хабарлаған әйел екі жасар ұлының жеке үй ауласындағы кәріз шұңқырына құлап кеткенін айтқан», – делінген ПД хабарламасында.
Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Бала ес жимастан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.