Доллар бағамы 0,42 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 0,42 теңгеге арзандады
Фото: yandex.kz
4,123
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,42 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 435,92 теңге. Ұлттық банктің 14 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 436,18 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,89 теңге, сатып алу – 439 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434, 97 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437, 15 теңге.