Шығыс Қазақстан облысында екі қызды құтқармақ болған жігіт суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысында екі қызды құтқармақ болған жігіт суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысында 22 жастағы жігіттің денесі өзеннен табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД Instagram парақшасында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 13 маусымда Ұлан ауданында сағат 18:30 шамасында рұқсат етілмеген жағажайда оқиға куәгерлері 2000 жылы туған жігіттің денесін судан алып шыққан.
"Біз және тағы екі жігіт жасанды дем алдыра бастадық, бірақ суға батқан ер адам есін жимады", - дейді куәгерлер.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері жас жігіттің қайтыс болғанын анықтаған. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде.
"Алдын ала дерек бойынша жігіт өзімен бірге демалып жүрген екі қызға көмектеспек болып батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.